Жезқазғанда әскери Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонды
2026 жылғы 10 шілдеде Жезқазған қаласы әуежайының аумағында Ан-12 әуе кемесінің қатысуымен авиациялық оқиға тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Бейресми ақпарат бойынша, бортта 6 экипаж мүшесі мен 10 жолаушы болған. Қону кезінде ұшақтың шассиі зақымданғаны айтылып отыр.
Ресми мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазір әуежай аумағында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты Жезқазғанға қатынайтын кейбір әуе рейстерінің кестесіне уақытша өзгерістер енгізілуі мүмкін. Жолаушыларға рейстердің мәртебесін өз әуе компанияларынан алдын ала нақтылау ұсынылды.
«Жезқазған Эйр» АҚ бас директоры Нұрлан Лебаевтың мәлімдеуінше, жағдай толық бақылауда және әуежай барлық уәкілетті органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...