Полиция Қайрат Нұртастың үстінен түскен 19 жастағы қыздың арызына қатысты мәлімдеме жасады

11.07.2026 14:20 Қарақат АСЫЛОВА
Полиция Қайрат Нұртастың үстінен түскен 19 жастағы қыздың арызына қатысты мәлімдеме жасады
1015
Фото: instagram.com/kair_n

Астанада 19 жастағы бойжеткеннің әнші Қайрат Нұртасқа қатысты полицияға шағым түсіргені расталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Астана қаласы полиция департаменті бойжеткеннің 102 арнасына қоңырау шалғанын, бірақ тексеру барысында істің мән-жайы басқаша өрбігені анықталғанын жеткізді.

"Зорлау дерегі туралы ақпарат расталмады. Жарияланымдарда көрсетілген уәждерге сәйкес, 10 шілдеде 102 арнасына 2006 жылы туған қыздан қаладағы қонақүйлердің бірінде ер адамның заңсыз әрекеттері туралы хабарлама түскенін мәлімдейміз. Бұл хабарлама бойынша заңнамада белгіленген рәсімдер аясында тексеру жүргізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, қонақүйдің екі келушісі арасында жеке түсініспеушілік туындаған, қазіргі уақытта жанжал шешілді. Шағымданушы талап-арыздан бас тартты", – деп хабарлады полициядан редакциямызға.

Еске салайық, бұған дейін телеграм-арналарда Астанадағы Ritz-Carlton қонақүйінде жезөкше ретінде есепте тұратын Шығыс Қазақстан облысының тумасы полиция шақырғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Войдите, чтобы оставить комментарий