Жезқазғанда кәріз тазалау кезінде жұмысшы шұңқырға құлап мерт болды
Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Абай мен Чехов көшелерінің қиылысында тіркелген.Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында «Жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ-ның 11 қызметкері жұмыс істеген. Жұмыс барысында 43 жастағы дәнекерлеуші қазаншұңқырдан көтеріліп келе жатып, шұңқырға құлап кеткен. Оған көмектеспек болған тағы бір жұмысшы да төменге құлаған.
Әріптестері зардап шеккендерді арқанның көмегімен сыртқа шығарған. Алайда жұмысшылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Екінші азамат ауруханаға жеткізіліп, оған «кәріз коллекторындағы газдан жедел ингаляциялық улану» диагнозы қойылған. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.
Қаза тапқан азамат аталған мекемеде 18 жыл еңбек еткен.
Айта кетейік, жақында Қарағандыда кәріз құбырларын ауыстыру кезінде екі жұмысшы қаза тапқан болатын.
Соңғы жаңалықтар