Жігер Ауыпбаевтың өзінен 15 жас кіші әйелі өнерімен елді таңғалдырды
Жуырда ғана өзінен 15 жас кіші қызға үйленген әнші Жігер Ауыпбаев отбасындағы жағдайды жариялап, елді қуантты. Ол әлеуметтік желілерінде жанкүйерлерін таңғалдырған бейнежазбаны көрсетіп, елдің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.
Оның жас жұбайы Мумина домбырада күй орындады.
Әншінің өзі көргеніне таң қалғанын жасырмай, жазылушылардың назарын аударды.
Кадрларда қыздың ұлттық аспапта шебер ойнағаны, ал Жігердің оған тамсана қарағаны көрінеді.
«Мен таңғалдым. Мен оның мұндай таланты бар екенін білмеппін. Келініңіз күн сайын жаңа қырларын көрсетіп жатыр. Кішкентай қыздарыңыздың кішкентай таланттарын бағалаңыздар», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Муминаның музыкалық қабілетін жоғары бағалап, көптеген таңданысты пікірлер қалдырды.
«Жаңа дуэт», «Айша мен Бүркіт», «Нәзік келін, жақсы ойнайды екен» деген сынды ықыластарын аямады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...