Үшінші ай қатарынан экономиканың өсуінің жеделдеуі байқалады - министр
ЖІӨ өсімінің 65%-ы сауда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы есебінен қамтамасыз етілген.
Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.
Қабылданып жатқан шаралардың арқасында үшінші ай қатарынан экономиканың өсуінің жеделдеуі байқалады, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ол 4%-ды құрады. Нақты секторда — 5%, қызмет көрсету саласындағы өндіріс 3,8%-ға өсті,– деді ҚР ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.Оның айтуынша, салалар арасында ауыл шаруашылығы мен құрылыс ең үлкен өсімді көрсетіп отыр. Көлік қызметі 8%-ға, байланыс 6,4%-ға, сауда 6,3%-ға, өңдеу өнеркәсібі 4,8%-ға өсті. ЖІӨ өсімінің 65%-ы сауда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығымен қамтамасыз етілген. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,6%-ға өсті. Ең үлкен өсім шикізаттық емес салаларда байқалады. Инвестиция көлемі 81,7%-ға, білім беру – 79,3%-ға, көлік – 31,1%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 6,3%-ға, денсаулық сақтау саласы – 4,8%-ға артты. Үздік көрсеткіштер Алматы, Павлодар, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында байқалады.
Биылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы $91,7 млрд-ты құрады. Экспорт $53,5 млрд болды, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты – $17,8 млрд. Тауарлар импорты $38,1 млрд-ты құрады. Оң сауда балансы 34,8%-ға өсіп, $15,4 млрд-ты құрады, — деп атап өтті вице-премьер.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...