Жириновскийдің ресми парақшасында жұмбақ жазба пайда болды

Әлеуметтік желідегі марқұм Владимир Жириновскийдің ресми парақшасы күтпеген жерден қайта жанданып, алдағы уақытта болатын «таңғаларлық өзгерістер» туралы хабар таратты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жириновскийдің X әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жұмбақ жазба жарияланды. Онда алдағы уақытта үлкен өзгерістер болатыны айтылған.
«Алдағы уақытта оқиғалардың барысын түбегейлі өзгертуі мүмкін бір жағдай орын алмақ! Көпшілікті қатты таңғалдыруы ғажап емес. Күтімде болыңыздар.», – делінген қысқа ғана жазбада.
Бұл жазбада қандай оқиғалар туралы сөз болып отырғаны нақты көрсетілмеген. Хабарламамен бірге қараңғыда түсірілген, адамның анық кескіні көрінбейтін фото жарияланды. Кейбір қолданушылар бұл суретте марқұм саясаткердің өзі бейнеленген деп болжауда.
Жириновскийдің аккаунтындағы соңғы жазба 2023 жылдың маусым айында жарияланған болатын. Сол кезде ЛДПР партиясының парақшасына белгісіз біреулер рұқсатсыз қол жеткізгені туралы ақпарат тараған.
Желідегі бұл күтпеген жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлер айтылуда.
Соңғы жаңалықтар





