Жиырма жыл бұрын ұрланған бала өз ата-анасымен қауышты

02.01.2026 17:02 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Жиырма жыл бұрын ұрланған бала өз ата-анасымен қауышты
0
689
Фото: ашық дереккөз

Қытайда төрт жасында ұрланған ер адам 21 жылдан кейін өз отбасымен қайта қауышты, деп хабарлайды Politico.kz.

Туыстарын табуға ДНҚ-сараптама көмектескен. Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады.

Пэн Цунцун бала кезінде ата-анасымен бірге Бейжің қаласына көшкен. Алайда жергілікті базар маңында ол белгісіз адамдар тарапынан ұрланып, кейін басқа отбасына сатылған. Сол сәттен бастап ата-анасы баласының жоғалғаны туралы полицияға хабарлап, 21 жыл бойы үмітін үзбей іздеген.

Ұрланған балаға жаңа отбасында Чжан Кунь деген есім берілген. Ол осы уақыт ішінде Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында өмір сүріп келген.

Өткен жылдың желтоқсан айында полиция Пэн Цунцунға оның биологиялық отбасы табылғанын хабарлаған. Ер адам Бейжіңге барып, ата-анасымен және екі үлкен әпкесімен қайта табысты.

«Соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы ата-анам өзін кінәлі сезініп, ішкі азаппен өмір сүрді. Қазір мен оларды саяхатқа апарып, бірге дәмді тағамдар жеп жүрмін. Бізден ұрланған уақыттың орнын біртіндеп толтырғым келеді», – деді ол.

Пэн Цунцун өзін өсірген отбасымен барлық қарым-қатынасты үзгенін де айтты. Сонымен қатар ол үйін, көлігін сатып, жұмысынан кеткен.

«Бұл дүниелер маған тиесілі емес еді. Сондықтан мен олардан бас тарттым», – деп түсіндірді ол өз шешімін.

Бұл оқиға Қытайда бала ұрлау фактілерін ашуда ДНҚ-технологияның маңызын тағы бір мәрте көрсетті әрі ондаған жылдар бойы үзілген үміттің қайта жанғанын дәлелдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий