Енді жолаушылар пойыздарда тегін интернетке қосыла алады
746
Астана – Алматы бағытындағы пойызда WhatsApp пен YouTube іске қосылады.
Астана – Алматы бағыты бойынша жүретін пойыздарға интернет қосылады. Бұл пилоттық жоба ретінде 25 қаңтардан бастап іске қосылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жолаушылар WhatsApp, YouTube және басқа видеохостингтерге бүкіл жол бойы кіре алады. Алайда торрент және файлдар ағынын жүктеу сайттарына кіру шектеледі.
"Заманауи спутниктік технологияларды қолдану арқылы интернет байланысын орнату жоспарланған. Бұл жолаушыларға сапар барысында желіге қосылуға мүмкіндік береді", – деп мәлімдеді "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Қосымша жаңалықтар
- Проводниктерде билеттерді тексеру үшін мобильді терминалдар болады.
- Вагон-ресторандарда POS-терминал арқылы төлем жасау мүмкіндігі енгізіледі.
- Вагондарда бейнебақылау жүйелері орнатылады.
Пилоттық кезеңде интернет қызметі тегін болады. Алайда кейінірек ақылы пакет енгізу жоспарланып отыр. Бұған дейін Цифрлық даму министрлігі OneWeb компаниясымен бірлесіп, пилоттық жоба аясында пойыздарға интернет орнату туралы мәлімдеген болатын. Пилоттық кезең аяқталғаннан кейін жоба еліміздің басқа да пойыздарына таратыла ма, жоқ па – шешім қабылданады.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...