Жомарт Ертаев бостандыққа шықты: ҚАЖ комитеті түсініктеме берді

16.09.2026 19:27 Қарақат АСЫЛОВА
Жомарт Ертаев бостандыққа шықты: ҚАЖ комитеті түсініктеме берді
190
Ашық дереккөз

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев тағайындалған жазасын толық өтеп, түзеу мекемесінен босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ертаевтың босатылғанын Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті де растады. Оның мәліметінше, сот белгілеген жаза мерзімі толық аяқталған.

Сонымен қатар заң талаптарына сәйкес, экс-банкирге алты жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгіленген. Бұл кезеңде оның жүріс-тұрысын ішкі істер органдары бақылауда ұстайды.

Еске салайық, Жомарт Ертаев 2020 жылы «Bank RBK»-дан 144 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деген іс бойынша кінәлі деп танылған. Сот бастапқыда оны 11 жылға бас бостандығынан айырған. Кейін жаза мерзімі екі жылға қысқартылып, 9 жылды құраған.

Ертаев 2018 жылы ұсталғандықтан, жазасын өтеу мерзімі сол уақыттан есептелген.

Бұған дейін экс-банкир рақымшылыққа ілігіп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған еді. Алайда кейін бұл шешімнің күші жойылып, ол қайтадан түзеу мекемесіне жіберілген.

Енді Ертаев белгіленген жаза мерзімін толық өтегендіктен, осы негіз бойынша оны қайтадан қамауға алу туралы шешімді өзгерту мүмкін емес.

Войдите, чтобы оставить комментарий