"Жүкті болып қалған соң, амалсыз оған күйеуге тидім". Индира Расылхан шындығын айтты

08.01.2026 10:08 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
740
Фото: видеодан скриншот

Жақында өзін екінші әйел болғанын ашық мойындап, бұл әрекетін өзгенің отбасын бұзу деп есептемейтінін айтқан әнші Индира Расылхан журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында қоғамдағы айыптауларға жауап қатты, деп хабарлайды Politico.kz.

Әншінің айтуынша, ол болашақ жолдасының отбасылы екенін білген сәтте бірден сезіміне тосқауыл қойған. Алайда жағдайдың күрделене түсуіне жүктілік себеп болғанын жасырмады.

«Бірінші күйеуімді өте қатты жақсы көрдім. Көп адам екінші әйел болу оңай деп ойлайды. Бірақ ішкі күйзелісті, өз-өзіңді күнде кінәлайтыныңды ешкім сезбейді. “Мен не істеп жүрмін? Оның бала-шағасы бар, біреудің шаңырағын шайқалттым ғой” деп өзімді жеп қоятынмын. Өзімнің дұрыс қадам жасамағанымды түсіндім», – дейді әнші.

Индира Расылхан сол кезеңдегі отбасындағы ауыр жағдайларды да баяндады.

«Аяғым ауыр болып қалғаннан кейін ғана қосылдық. Әжем үнемі “кіммен қарайсаң, сонымен ағар” дейтін. Әкем өте қатал адам еді. Жүкті екенімді білгенде мені ұрып-соғып, “екеуіңді де өлтіремін” деп қорқытты. Тіпті бірінші күйеуімді қинап, көліктің артына байлап сүйреген кездері де болды», – деп еске алады ол.

Әнші алғашқы жолдасымен заңды некеге тұрмағанын, тек діни неке қиылғанын атап өтті. Оның айтуынша, ер адам бірінші отбасымен байланысын үзбеген.

«Біз заңды некеге отырмадық, тек діни неке қидық. Ол бірінші отбасына барып-келіп жүрді, оларды тастамады. Соған қарамастан, бірге өткізген төрт жылымды бақытты кезең деп айта аламын. Сүйген адамымның жанында болғаныма шын бақытты болдым», – деді Индира.

Сондай-ақ ол күйеуінің кетуіне байланысты екінші әйелдерді айыптайтын жандарға да пікір білдірді. Өнер иесінің сөзінше, мұндай әйелдер көбіне жаралы жүрекке демеу болуға тырысады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий