Жүкті келіншекті өлтіріп, 17 жыл бойы жасырынып жүрген ер адам ұсталды

11.09.2026 17:35 Мөлдір ҚАЙНАР
Жүкті келіншекті өлтіріп, 17 жыл бойы жасырынып жүрген ер адам ұсталды
153
Фото: uniplash

Ресейдің Калининград облысында 2009 жылы жасалған аса ауыр қылмыстың беті ашылып, аяғы ауыр келіншекті өлтірген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 2009 жылдың көктемінде Полесск қаласының саябағында болған. Сол кезде саябақтан жүктіліктің соңғы айларында болған 22 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылған еді. Оған бірнеше жерден пышақ сұғылғаны анықталғанымен, қылмыскер ізін жасырып, іс ұзақ жылдар бойы ашылмай келген.

Жақында құқық қорғау органдары күдіктінің ізіне түсіп, оны қолға түсірді. Күдікті ретінде қазір жасы 60-қа келген ер адам анықталды. Ол жауап алу кезінде сол түні мас күйде болғанын, жас келіншекпен сөзге келіспей қалып, жанжал барысында оны бәкімен аяусыз пышақтағанын мойындаған.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторына (СИЗО) жабылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий