«Жүкті кезімде ұрып-соқты»: Қайрат Сатыбалдының экс әйелі бар шындықты жайып салды
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Base.kz арнасына сұхбат беріп, басынан өткен сұмдық жайттарды жайып салды, деп хабарлайды Politico.kz.
Асылжан Есенқызы сұхбатында өзін Қайрат Сатыбалдының тоқалы емес, азаматтық некедегі әйелі болғанын айтты.
«Мен оған ақшасы мен байлығы үшін тұрмысқа шыққан жоқпын. Біздің отбасымыз туралы Назарбаевтың өзі де білетін», - деді ол.
Сондай-ақ ол экс күйеуі Қайрат Сатыбалдының өзін қалай қорлағанын да айтып берді. Айтуынша, жүкті кезінде-ақ олардың арақатынасы бұзыла бастаған. Қайрат Сатыбалды әйеліне психологиялық қысым көрсетіп қана қоймай, оған бірнеше рет қол көтерген.
«Жүкті кезімде мені аяусыз ұрып-соқты. Сол кезде ол басқа бір әйелмен араласып жүргенін кейін білдім», – дейді ол.
Айтуынша, Қайрат Сатыбалды тарапынан көрсетілген зорлық-зомбылық пен стресс салдарынан баласы ауыр диагнозбен дүниеге келген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...