Жұлдызай Дүйсембиева ажырасып кеткен бе?

24.02.2026 10:31 Мөлдір Талғат
Жұлдызай Дүйсембиева ажырасып кеткен бе?
1516
Фото: ашық дереккөз

Белгілі актриса, «Алдараспан» театрының мүшесі Жұлдызай Дүйсенбиева отбасы жайлы сұрақтарға жауап беріп, өзіне қатысты тараған қауесеттерге түсініктеме берді. Бұл туралы ол El.kz порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі жеке өміріне қатысты ақпараттардың көбісі бұрмаланып тарайтынын жеткізді. Оның айтуынша, журналистерге айтқан бір ауыз сөзі түрлі тақырыппен жарияланып кетеді.

«Журналистерге бір нәрсе айтсаң, оны әртүрлі бұрып, сайттарға жариялай салады. Бір эмоциямен жазғанымды әр сайт әрқалай береді. Мысалы, бір журналистке “ұшақта ұша алмаймын, денсаулығыма байланысты” деген едім», – дейді актриса.

Алайда келесі күні бұл сөз мүлде басқа сипатта тарағанын айтады.

«Ертеңінде “Жұлдызайдың жағдайы нашар, ауыр дертке шалдыққан” деген ақпарат шықты. Алыс-жақын шетелден адамдар хабарласып, жағдайымды сұрады. Тіпті кей кәсіпкерлер “ақшасын айт, емделіп ал” деп ұсыныс жасады. Негізі бұл ауыр дерт емес, кез келген адамда болатын жағдай. Қазір жазылып кеттім. Сол сияқты желідегі бір жазбама қарап “ажырасып кетіпті” деп те шу шығарды. Шындық – әзірге ажырасқан жоқпыз», – деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий