"Жұмыс істегенше тағы екі бала туып алғаным артық": әйелдің желідегі сөзі жұрттың ашуын туғызды
Әлеуметтік желіде әйел адамның жұмыс істегеннен гөрі жәрдемақыға өмір сүруді таңдағаны туралы айтқан видеосы кең таралып, қоғамда қызу пікірталасқа себеп болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бейнежазбада хиджаб киген әйел сұлулық салонында еден жуушы болып жұмыс істеуден бас тартатынын айтып, мұндай қызметте қызметкерлерге дұрыс қарамайтынын алға тартады. Оның пікірінше, үйде отырып, мемлекеттен жәрдемақы алған әлдеқайда тиімді.
“Қазір үш балам бар. Басқа біреуден екі бала туып алсам, бес балам болады. Сол кезде үйде жатып, үкіметтен 70 мың теңге аламын. Еден жуып, қор болғанша, түк істемей жатқан артық”, – дейді ол.
Бұл пікір желі қолданушылары арасында екіұдай реакция тудырды. Кейбірі елдегі еңбек жағдайы мен жұмысшыларға деген көзқарастың төмен екенін айтса, басым көпшілік мұндай көзқарасты сынға алды.
“Кедейлер не себепті бала туа беретінін мойындады-ау”,
“5 баланы 70 мыңға қалай асырайсыз?”,
“Еңбекті бұлай төмендетуге болмайды”, – деп жазды қолданушылар.
Көпшілік пікірінше, тек жәрдемақыға сену дұрыс емес және бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажет.
Соңғы жаңалықтар