«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңында 17 жастағы бозбала көз жұмды

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңында 17 жастағы бозбала көз жұмды
15.10.2025 11:04
0
172
коллаж Todayinfo

Астанадағы құрылыс алаңында орын алған қайғылы оқиға ел назарын аударды. «КазПолимерСтрой» компаниясының нысанында 17 жастағы жасөспірім бетон плитаның астында қалып, оқиға орнында қаза тапты.

Марқұмның туыстарының айтуынша, ол сол күні алғаш рет жұмысқа шыққан және азын-аулақ табыс табу үшін траншея қазуға барған. Алайда қауіпсіздік талаптары сақталмағандықтан, бетон плита құлап, бозбаланың өмірін қиды. Анасының айтуынша, ұлы бір күндік еңбегімен отбасына көмектескісі келген, бірақ оның алғашқы жұмыс күні соңғы күніне айналды.

Туыстары бұл оқиғаға байланысты көптеген күмәнді жайттардың бар екенін жеткізді. Олардың сөзінше, сол күні құрылыс алаңында кейбір жұмысшылар, соның ішінде КамАЗ жүргізушісі мен кран операторы, есірткі немесе мас күйінде болған болуы мүмкін. Куәгерлер де бұл ақпаратты растаған. Анасының айтуынша, егер еңбек қауіпсіздігі мен жұмыс тәртібі сақталған болса, мұндай қасірет орын алмас еді.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу құрылыс алаңындағы еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылу фактісі аясында жүргізілуде. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қайтыс болған жасөспірімнің туыстары кінәлі тұлғалардың жазадан құтылмауын, және жауапты адамдардың бәрі толық тергеуге алынуын талап етуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий