"Жұмысы да, үйі де жоқ жігітке тұрмысқа шықтым": Жазира Байырбекова желіде жан сырын ақтарды
405
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова желіде жеке өмірі туралы жан сырын ақтарып, қалай тұрмысқа шыққанын айтты. Өнер иесі жолдасының үйі, жұмысы жоқ екеніне қарамастан, оның өмірлік жары болуға келіскенін жеткізді.
Жазира Байырбекова алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алып, Instagram-дағы парақшасында қыздар қауымына кеңес берді.
Эстрада жұлдызы отбасын құрарда жолдасының жағдайына қарамағанын айтты. Сөзінше, жолдасы екеуі барлық қиыншылықтан бірге өтіп, үлкен жетістіктерге де бірге қол жеткізген.
"Қыздарға қандай кеңес бересіз?" дейді. Біздің тәжірбиеміз қазіргі жастарға өтпейді.Әр заманның өз талабы бар. Мысалы мен жұмысы да, үйі де, атағы да жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Бәріне бірге жүріп жеттік. Қазір үйі бар ма, бизнесі, жұмысы бар ма, мамандығы қандай, әке-шешесі немен айналысады бәрі маңызды дейді. Қайсысы дұрыс нақты білмеймін. Бірақ махаббат бірге тұрғанда сыйластыққа, достыққа, бауыр басуға айналмаса өшіп қалады. Махаббат та, байлық та, атақ-даңқ та жоғалуы мұмкін. Тек мейірімді адамның мейірімділігі жаныңда қалады", - деп жазды әнші.
Соңғы жаңалықтар
05.09.2026
17:36
Қарағанды облысында жөндеу жұмыстары кезінде ек...
05.09.2026
17:12
Бауыржан Байбекті қарамағындағы адам тонап кетті
05.09.2026
16:26
«Діни сауаттылық қажет»: Мөлдір Әуелбекова Баян...
05.09.2026
15:13
Қазақстанның үш облысында әскери техника қозғал...
05.09.2026
14:09
СҚО-да 89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күд...
05.09.2026
13:58
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының о...