«Жүрегімдесің»: Әнші Наркенже Серікбаева жаңалығымен бөлісті

12.08.2026 11:03 Мөлдір ҚАЙНАР
«Жүрегімдесің»: Әнші Наркенже Серікбаева жаңалығымен бөлісті
180
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында тыңдармандарына «Жүрегімдесің» атты жаңа әнін таныстырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын оқырмандарымен бөлісіп, тыңдармандарын өзінің сырласы әрі мұңдасы санайтынын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа туындының авторлары көпшілікке бұрыннан таныс.

«Өнердегі әр қадамыма тілекші боп, іздеп, шынайы жанкүйер боп отыратын жанашыр жақсыларыма, жүрекпен сүйетін талғамы биік тыңдармандарыма “Жүрегімдесің” атты жаңа туындыны ұсынамын. Бұл әннің авторларын сіздер жақсы білесіздер, танисыздар. Әнін жазған Сырдың сыршыл сазгер сұлуы, менің танылуыма себепкер болған, паспортым болған “Жүрегімде жүрсің сен” деген әннің авторы – Индира Елубаева әпкем. Сөзін жазған ақын Құралай Омар қыздарыңыз», – деп жазды Наркенже Серікбаева.

Әнші жаңа туындыны сыйлаған авторларға алғыс айтып, оларға шығармашылық шабыт пен толағай табыс тіледі. Сонымен қатар ол бейнебаянның жарыққа шығуына атсалысқан барша командаға және өзін үнемі қолдап отыратын көрермендеріне өзінің ыстық ықыласын білдірді.

Войдите, чтобы оставить комментарий