Жұрт жиі қолданатын "Мезим" дәрісінде доңыз қоспасы бар болып шықты

11.01.2026 18:09 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Жұрт жиі қолданатын
0
277
Коллаж: Politico.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қарасты Халал даму ұйымының басшысы Айбек Асқарбекұлы кеңінен қолданылатын «Мезим» препаратының құрамында доңыздан алынған компонент бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Politico.kz

Айбек Асқарбекұлының айтуынша, асқазанға салмақ түскен кезде көпшілік «Мезим» секілді ферменттік дәрілерді қолданады. Алайда мұндай препараттардың кейбірінің құрамында доңыздың асқазанынан алынатын ферменттік сөл болуы мүмкін.

"Көп тамақ жеп, асқазан ауырғанда "Мезим" деген дәріні іздейміз. Осы тектес басқа да препараттар бар. Олардың құрамында доңыздың асқазанынан алынған сөл болады. Бұл асқазанның қорытылуын жылдамдатады. Дегенмен мұндай дәрілер адал талаптарына сай келмейді", – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий