"Жыламау үшін есірткі берген": Анасы 2 жасар баласын өлтіріп алды

Челябі облысының Миасс қаласында жантүршігерлік оқиға орын алды – 31 жастағы әйел өз ұлын есірткілік заттармен улап, оның өліміне себепкер болды. Анасы балаға "тыныштандыратын" укол түрінде есірткі енгізіп отырған. Қайғылы жағдай осы жылдың қаңтар айында болғанымен, сәбидің нақты өлім себебі тек жақында анықталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ oxu.az сайтына сілтеме жасап.
Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметінше, 22 қаңтар күні түнде Ремесленная көшесіндегі пәтерлердің бірінде екі жасар баланың денесі табылған. Сараптама нәтижесі оның есірткілік қоспадан уланғанын көрсетті.
Тергеу барысында баланың анасы ұлының жылауын тоқтату үшін оған бірнеше рет есірткі еккені белгілі болды. Оның бұл әрекеті ақырында қайғылы оқиғамен аяқталды.
Қазіргі таңда әйелге қатысты "Кәмелетке толмаған баланы өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды. Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтау үшін бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындады.
Айта кету керек, күдіктінің тағы үш баласы бар. Тергеушілер олардың тұрмыс жағдайын тексеріп, отбасының жағдайына құқықтық баға береді. Сонымен қатар, баланың өліміне алып келген немқұрайдылық фактісі бойынша да бөлек қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар





