"Жын кірді": Журналист Ақбаян Мұқанғалиеваның жай-күйі туралы айтты

09.04.2026 10:08 Мөлдір Талғат
863
Фото: коллаж politico.kz

Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты өз пікірін білдіріп, Ақбаян Мұқанғалиева мен оның жолдасы Сұлтан Сәрсемалиевтің жағдайына тоқталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, Ақбаянның қазіргі психологиялық күйін босанғаннан кейінгі депрессиямен байланыстыруға болады. Осы ойды жалғастыра отырып, журналист қоғамдағы әйелдердің жағдайына алаңдаушылық білдірді.

«Ақбаян… 5-ші баласын туды, еш қолдау жоқ, күйеуі анау. Послеродовая депрессияны ешкім түсінбейді, жын кірді деп анда апарып, мында апарып, Индонезиядан бір-ақ шықты. Одан келіп өз ата-анасын, туғандарын өлтірген күдікті болып, ауытқу деп жындыханадан бір-ақ шықты. Балаларын құдай аясын», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол бұл мәселенің қоғамда жиі кездесетінін айтып, көптеген әйел дәл осындай күйді бастан өткеретінін жеткізді.

«Босанғаннан кейінгі депрессия деп баса айтып отырғаным маған хат жазған көп әйел, дәл осы кезде босанған соң қолдау болмаған соң ажалын тапты. Ессіз көшеге шығып, емшектегі балаларын тастап, үй-жай, бала-шағасын ұмытып талай әйел із-түссіз жоғалып кетті ғой. Шолпан сол күйі табылмады, Ардақ жоқ болды, Шынар жындыханаға түсті... айта берсең көп. Ал, күйеулері еш уайымсыз 5-6 баланы тастап, жас әйел алып алған».

Журналист әйелдерге үндеу жасап, ең алдымен өз бақыты мен жағдайын ойлау керектігін атап өтті.

«Сондықтан, қыздар, айналайын әйелдер! Күйеуді бақытты қыламын деп бала тумаңыздар, өзім бақытты боламын деп өмір сүріңіз! Бақытты әйелдің жанында бақытты отбасы бар», – деп түйіндеді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий