Атыраудағы қанды оқиға: Ақбаян Мұқанғалиеваға психиатриялық сараптама тағайындалды
11547
Атырауда бір отбасының өліміне қатысты күдікке ілінген Ақбаян Мұқанғалиеваға кешенді сараптама жүргізілуде, деп хабарлайды Politico.kz.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, күдікті қазіргі уақытта психиатриялық медициналық мекемеге орналастырылған.
Оның айтуынша, мамандар тарапынан психологиялық және психиатриялық бағытта стационарлық кешенді сараптама жүргізіліп жатыр.
«Мұқанғалиева психиатриялық ауруханаға орналастырылды. Оған психологиялық-психиатриялық стационарлық кешенді сараптама жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындауға күдіктінің мінез-құлқы мен бастапқы жауабы негіз болды», – деді Санжар Әділов.
Сондай-ақ вице-министр бұл іс бойынша басқа күдіктілер жоқ екенін нақтылады. Қазіргі таңда негізгі күдіктілер ретінде Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қарастырылып отыр.
Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
11:31
Лифтте қызға тиіскен алматылыққа сот үкімі шықты
06.10.2026
11:14
16 миллион қазақстандықтың дерегінің таралуы: м...
06.10.2026
10:54
Кореядағы жаппай төбелеске қазақстандықтардың қ...
06.10.2026
10:53
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалы директоры...
06.10.2026
10:46
Францияда Сальвадор Дали жасаған 150 келілік қо...
06.10.2026
10:30
Қазақмыс ескі жабдықтармен қоштасып су жаңасына...