"Жындарды көрдім": жүрегін ауыстырған қазақстандық тылсым құбылыстар туралы айтты

11.12.2025 18:47 Мөлдір Талғат
0
784
Фото: Stan.kz

Ауыр жүрек ақауымен үш рет ота жасатқан Калия ұзақ ем-домнан кейін ғана аяққа тұрғанын айтады, деп хабарлайды POLITIO.KZ Stan.kz сайтына сілтеп.

Оның сөзінше, серіппе мен жүрек қақпақшаларын ауыстыруға, дәрігерлердің еңбегі мен дәрі-дәрмекке жалпы 160 мың доллар, ал алғашқы отаның өзіне 1,8 миллион теңге кеткен. Ота Ресей мен Астанадан келген мамандардың қатысуымен Ақтауда жасалған, себебі жолды көтере алмай қалу қаупі болған.

Калия ота кезінде оянып қалған қорқынышты сәтін былай еске алады:

“Ауырсынудан оянып кеттім. Дәрігер қолын кеудеме сұғып, қабырғаларымды кесіп жатқанын сездім. Белгі бере алмай қатты қиналдым”, – дейді ол.

Операциядан кейін оған стреске түсуге, қатты қуану не көңілі түсіп, уайымдауға болмайтыны ескертілген.

Үш отадан кейін оның психикасында да ауыр кезеңдер басталған. Калияның айтуынша, 17 жасына дейін түрлі тылсым құбылыстарды көріп, жындар мазалаған.

“Ұйықтап жатқанда шашымды біреу өріп жатқандай болды. Түнде біреу мені сыртқа шақыратын. Сабақта отырғанда да, түнде де тұншықтыратын. Ер мен әйел кейпінде көрінетін, бойлары екі метрге жуық болды”, – дейді ол.

Бұл жағдай тек имамдарға оқытылып, дұға жасап, «Әл-Бақара» сүресін оқи бастағаннан кейін ғана тоқтаған.

Жасөспірім шағында денсаулығы ғана емес, отбасылық жағдай да қиындаған. Операциядан кейін ата-анасы қарызға батқандарын айтып, оны үйден шығарып жіберген. 13 жасынан бастап даяшы болып жұмыс істеп, тапқанын ата-анасына берген. 20 жасында инсульттың алғашқы белгілерімен ауруханаға түскен кезі де болған. Қазір әкесімен ара-қатынасы түзелгенімен, анасымен мүлде араласпайды.

Бүгінде Калия өзін қайта табуға тырысып жүр. Ол ауыр сынақтар оны сындырмағанын, қайта мықты еткенін айтады:

“Ұйқыдан ауырмай тұрудың өзі — бақыт. Алла берген денсаулықтың қадірін түсінсе екен”, – дейді ол. Қазіргі кезде ауыр жұмыс істей алмайтындықтан, фотомодель болып жұмыс істеп жүр және жақында фильмге түсуге шақырту алғанын да қуана жеткізді.

 

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий