"Мейрамбек Бесбаев қартайып кетті": Ұланғасыр Қами тосын ВИДЕО жариялады
1171
Танымал әнші Ұланғасыр Қами өнердегі әріптесі Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын тыңдарманын көрсетті, деп хабарлайды Politico.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі халықтың арасында ән салып тұрған видеосын жеке парақшасына жариялады.
Мейрамбек Бесбаев ағамызға қатты ұқсайды екен, – деп жазды Ұланғасыр Қами.Ал кадрда бой көрсеткен ер адамның аты-жөні Ерлан Нұртазаев болып шықты. Ол Ұланғасыр Қамидің жазбасына пікір қалдырды.
Ассалаумағалейкум. Мен Мейрамбек Бесбаев емеспін, Ерлан Нұртазаев, – деді ол.Желі қолданушылары жарыса пікір жазып, сүйікті әншілеріне ұқсатып жатыр.
“Мейрамбекті көргендей болдық”, “Қартайып кеткен Мейрамбек”, “Қатты ұқсайды екен”, “Осы кісіні тауып, Мейрамбек ағамызбен кездестіріңізші", "Не деген ұқсастық", "Хит болады енді бұл кісі", "Аумайды екен", – деп жазды көпшілік.Фото: видеодан скрин
Соңғы жаңалықтар
27.06.2026
17:12
Елордада жолаушылар мінген автобус өртеніп кетт...
27.06.2026
16:28
«Маған ақшасы емес, әкем керек болды»: Тұрсын А...
27.06.2026
15:19
Дариға Назарбаеваның 10,5 млн долларлық зәулім ...
27.06.2026
14:16
Қазақстан Халық партиясын енді Нұрсұлтан Шоқано...
27.06.2026
13:17
«Бәрі рұқсат»: Нұрлан имамның пластикалық ота т...
27.06.2026
12:16
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты: Бес ...