Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
0
314
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктер тарапының бастамасымен осы елдің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қатынастарды нығайтуға баса мән берілді. Осы ретте екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы серіктестіктің қазіргі деңгейін жоғары бағалай отырып, қол жеткізілген барлық уағдаластықты тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекеттер басшылары саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, сауда-саттық байланыстарды жандандыруға және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады.
Әңгімелесу барысында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен құттықтады.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
21.12.2025
17:51
«Біз мұны асыға күттік»: Динара Сәтжан көптен к...
21.12.2025
16:38
Президент Санкт-Петербургке барды
21.12.2025
15:58
Тоқаев Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айтты
21.12.2025
15:51
Маған «Халық әртісі» атағы берілгенде, күйеуім ...
21.12.2025
14:46
Алматыда студент оқытушыны пышақтаған
21.12.2025
14:21
«Мақпалдың да кесірі тиді»: Генерал Шабдарбаев ...