«Мені Майкл Джексон секілді құрметтеді»: 50 Cent қазақтар туралы айтты
536
Әлемге танымал рэпер қазақстандықтардың өзіне көрсеткен құрметіне қатты таңғалғанын айтты.
Рэпер әрі кәсіпкер 50 Cent танымал американдық шоу Қазақстанда өткізген концерті жайлы әсерін бөлісті. Тележүргізуші Стивен Колберт сұхбат кезінде рэперден оның Алматыға сапары жайлы сұрады.
Естеріңізде болса, былтыр қарашада орындаушы Get Rich or Die Tryin' атты алғашқы альбомының 30 жыл толуына орай 30 елде, соның ішінде Қазақстанда концерт берген. Колберт Қазақстандағы жанкүйерлер әртісті қалай қабылдағанын сұрағанда, 50 Cent әзілмен жауап берді.
Керемет болды. Олар тіпті менің Майкл Джексон емес екенімді білмейді-ау, – деді рэпер.
Рэпер Алматыдағы көрерменнің қолдауы ерекше болғаны соншалық, ол өзін аңыз поп-орындаушы секілді сезінген.
Олар мен құдды Майкл Джексон секілді көліктің артынан жүгірді, – деді 50 Cent.
Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
22:11
Ақтөбедегі балалар үйінде жанжал шықты: Белсенд...
23.09.2026
21:09
БҰҰ-дағы күтпеген мәлімдеме: 50 ел Ресейге соғы...
23.09.2026
20:14
«Багажымда бомба бар»: Шымкент әуежайында мас ж...
23.09.2026
19:40
Маңғыстауда балықтан уланған төрт адамның жағда...
23.09.2026
19:05
Тоқаев Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары...
23.09.2026
18:46
Дана Нұржігіт: Қазір отбасында табыс екі жақтан...