"Мені жеңу оңай емес". Ауыр дертпен күресіп жатқан актер ауруханадан шықты
1417
Қатерлі ісікке шалдыққан отандық киножұлдыз, көпшілікке "Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембин жазба жариялады.
Актер өзіне қолдау көрсетіп жатқан оқырмандарына алғыс білдірді.
"Мені жеңу оңай емес. Мен міндетті түрде мұның бәрінен өтемін. Маған моральдық және материалдық тұрғыда көмектесіп жатқан барша жанға тағы да алғыс айтқым келеді! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін. Шексіз алғыс", - деп жазды актер.
Еске салайық, бұған дейін танымал актер Мұрат Бисембин обыр ауруына шалдыққаны белгілі болды. Диагноз 3,5 ай бұрын қойылған. Бисембин жергілікті онкоорталықтарда химиотерапия курсынан өткен. Алайда жақындары оған шетелде емделіп келу керегін айтып, ақша жинап бастады.
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
08:44
Жезқазған әкімі қызметінен кетті
16.09.2026
23:18
«Есік тұтқасын сындырған»: Астанада үш бала жат...
16.09.2026
22:31
Қонақүйде демалған жұптың төсегінің астынан бей...
16.09.2026
22:23
Сыныптасын қатыгездікпен өлтірген жасөспірім ши...
16.09.2026
22:20
Ақтөбе облысында теміржол өткелінде тепловоз жү...
16.09.2026
22:11
«Меккеде басқа қызға қарай берді». Танымал блог...