Мерзімі өткен азық-түлік: Алматының дүкендеріне рейд жүргізілді
385
Жаңа адамдардың «Время истекло» азаматтық науқаны Алматы дүкендерінде жарамдылық мерзімі өткен өнімдер сатылмайтынына көз жеткізу үшін жүйелі түрде рейдтер жүргізеді. Бұл рейдтердің антиқаһарманы Қарасай батыр көшесі 119к1 мекенжайында орналасқан «Наурыз маркет» дүкені болды.
Белсенділер бұл дүкенге осыған дейін 2 рет тексеріс жүргізді және көп жарамдылығы өткен өнімдер сатылымын анықтады.«Наурыз» басшылығы мәселені шешіп, мерзімі өткен тауарларды сатуды тоқтатуға бірнеше рет уәде берген еді. Алайда үшінші рейд кезінде жарамсыз өнімдер әлі де тәртіп бұзушы дүкен сөрелерінде тұрғаны белгілі болды. Қауіпті тағамды жоюмен тағы да біздің үлкен құртымыз - мерзімі өткен тауарды жоюға арналған жойқын машина айналысты.
Сатушылардың қоңырауынан жетіп келген дүкен иесі өз кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Мерзімі өткен азық-түлікпен толтырылған арбалардың жанында тұрып, ер адам белсенділерге оның дүкенінде мерзімі өткен өнімдер сатылмайтынын айтып, «тұтынушылар уланған жағдайда оларға ақшасын қайтаруға» уәде берді. Демек, «Наурыз маркет» дүкенінің иесі үшін адамдарды улау - қалыпты жағдай.
Дүкенге жүргізілген рейдтен кейін полицияға арыз жазылды. Жаңа адамдар бұл сауда орнын, олар адамдарды улауын тоқтатпайынша, қайта-қайта тексеретін болады. Біз алматылықтарды тағы да мұқият ойлануға шақырамыз: сіздер шынымен де осы дүкеннен азық-түлік сатып алғыларыңыз келе ме?
Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
23:14
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен...
23.09.2026
22:11
Ақтөбедегі балалар үйінде жанжал шықты: Белсенд...
23.09.2026
21:09
БҰҰ-дағы күтпеген мәлімдеме: 50 ел Ресейге соғы...
23.09.2026
20:14
«Багажымда бомба бар»: Шымкент әуежайында мас ж...
23.09.2026
19:40
Маңғыстауда балықтан уланған төрт адамның жағда...
23.09.2026
19:05
Тоқаев Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары...