Мобилограф Қыран Талапбек Әзербайжан президентімен кездесті
1057
Танымал блогер, халық арасында «мобилографияның атасы» деп аталып кеткен Қыран Талапбек пен әйелі Гүлзада Тұрлаш Instagram-дағы оқырмандарымен қуанышты хабарларын бөлісті.
Сонымен, ерлі-зайыптылар Әзербайжанның президенті және бірінші ханымы – Ильхам, Мехрибан Әлиевтермен танысу құрметіне ие болды. Бұл кездесу үшін ең бай әзербайжандықтардың бірі – кәсіпкер және әнші Эмин Агаларов (Emin) көмектескен.
Әзербайжан президенті Ильхам Гейдарұлы Әлиевпен жеке танысу үлкен мәртебе болды. Эмин Аразовичке берілген мүмкіндік үшін зор алғысымызды білдіреміз, – деп жазды Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлаш.Оқырмандар таңданыстарын білдіріп, Қыранның халықтың көз алдында өскенін айтып жатыр. Еске сала кетсек, Қыран Талапбек биыл 23 шілдеде Эмин Агаларовтың жеке мобилографы болған-ды. Соның пайдасын енді сезініп отыр. Фото: Instagram/kyran_talapbek
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
14:45
Ең төменгі жалақы қашан өзгереді?
17.09.2026
14:31
Түтіннен көрмей қалған: БҚО-да өрт сөндіруші қы...
17.09.2026
13:16
«Патшайым, біз сізге бас иеміз»: Баян Алагөзова...
17.09.2026
12:39
"Түйемен соғтығысқан": Ақтау – Бейнеу тасжолынд...
17.09.2026
12:35
Жамбылда бұрынғы прокурор 12 млн теңгелік алаяқ...
17.09.2026
11:56
TikTok-та сөгінген 53 жастағы әйел 5 тәулікке қ...