Олимпиаданың 5 алтынымен рекорд орнатқан 41 жастағы балуан спортпен қош айтысты
1750
Грек-рим күресінен аса ауыр салмақта өнер көрсеткен кубалық балуан Михаин Лопес Нуньес Олимпиаданың 5 дүркін чемпионы атанды.
6 тамызда грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалдық бәсекелері өтті. 130 келі салмақ дәрежесінің алтын жүлдесін кубалық Михаин Лопес пен Чили спортшысы Ясмани Акоста Фернандес сарапқа салды. Нәтижесінде 41 жастағы тәжірибелі балуан 6:0 есебімен жеңіп, Олимпиада ойындарының 5 дүркін чемпионы атанды.
Белдесуден кейін Михаин боз кілем үстінде күреске арналған аяқ киімін шешіп, спорттық мансабын аяқтайтынын меңзеді. Келесі Олимпиада 2028 жылы Америкада өтеді.
Айта кетсек, Михаин Лопес белдескен 130 келі салмақ дәрежесінде біздің отандасымыз Әлімхан Сыздықов та өнер көрсеткен еді. Алайда ол Румыния балуанына 3:1 есебімен есе жіберіп, жарыс жолын 1/8 финалда аяқтады.
Лопес – грек-рим күресінен Олимпиада алтынын 5 рет жеңіп алған алғашқы балуан. Сондай-ақ оның қоржынында әлем чемпионатының 5 алтыны мен 3 күміс жүлдесі бар. Панамерика ойындары мен Панамерика чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.
Бұған дейін Олимпиада рекорды 3 алтыны мен 1 күміс жүлдесі бар Александр Карелинге тиесілі еді.
Фото: Sarah Stier/Getty Images
Соңғы жаңалықтар
09.09.2026
22:25
Дрондардан кейін КҚК терминалында не болды? Маң...
09.09.2026
21:30
«Өзімді қорғадым»: Танысын пышақтап өлтірген Ор...
09.09.2026
20:36
29 перзентханада санитарлық талап сақталмаған: ...
09.09.2026
20:06
Көкшетауда 19 жастағы жұмысшы тоғызыншы қабатта...
09.09.2026
19:10
200 студент шетелде шарасыз қалды: Лос-Анджелес...
09.09.2026
19:10
ҰҚК Шымкенттегі санэпидбақылау басшысын тергеп ...