Парламент депутаты әр апта сайын тазалық күнін өткізуді ұсынды
435
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әр бейсенбіні - «Таза бейсенбі» атты халықтық тазалық күніне айналдыруға ұсынды.
Бұл тұрғыда ол дамыған елдердегідей тазалық мәдениетін қалыптастыратын шараларды қолға алу керек екенін айтты.«Жолда көп жүремін. Кейбір пысықайлар көлікте келе жатып терезесінен бос бөтелкелерін, қоқыс қалдықтарын, темекі тұқылын ешбір алаңдамай лақтыра салады. Қоғамда әлі де азаматтарымыздың қалдықтарды арнайы қоқыс тастайтын орындарға салу мәдениеті қалыптаспай отырғаны жасырын емес. Мәселен, пластик, әйнек және полиэтилен пакеттердің шіруі 1000 жылға дейін созылады. Мұның Жер анамызға, адамзат баласына, келер ұрпаққа тигізер залалы зор», - деді Д. Мұқаев Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында.
«Оның шешімі – жалпы жұртты қоршаған ортаны тазалауға жаппай жұмылдыру, күнделікті тазалықты өмір салтымызға айналдыру қажет. Аптаның тағы бір күнін, нақтылап айтсақ, әр бейсенбіні - «Таза бейсенбі» атты шынайы халықтық шараға айналдырайық. Адамдарды мәжбүрлеп емес, өз ықыласымен тұрған жеріне деген жанашырлықпен атсалысуына жағдай жасайық. Біз сол кезде ғана күн-түн демей, күннің ыстық-суығына қарамай көшені тазалап жүрген ата-апаларымыздың еңбегін бағалауды үйренеміз. Ол үшін әлеуметтік желідегі миллиондаған оқырманы бар танымал тұлғаларды, қоғам белсенділерін, ел тұрғындарын осы ортақ іске бірге атсалысуға шақырамын», - деді депутат.
Соңғы жаңалықтар
20.03.2026
23:39
Асқар Жұмабек Айнұр Нарзиевамен болған жанжалға...
20.03.2026
22:55
Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде өткен Grand Slam т...
20.03.2026
21:52
Әйелін іздеген ер адам Ақтауда дүкенді тас-талқ...
20.03.2026
20:54
Алматыда әйелдің денесінен 25 келілік қатерлі і...
20.03.2026
20:03
Аты аңызға айналған Чак Норрис қайтыс болды
20.03.2026
19:18
«Атыраулық хакер» туралы жаңа деректер шықты