Президент қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
1234
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.
Құрметті отандастар! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Ата заң – мемлекеттілігіміздің берік тұғыры, еліміздің дәйекті әрі тұрақты дамуының мызғымас кепілі, – делінген мәтінде.Президент 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде жан-жақты демократияландыру үдерісі басталғанын, саяси жүйені жаңғыртуға жағдай жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы реформалар аясында құқық қорғау институттарының және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі көтеріліп, конституциялық сот құрылды.
Конституцияның әділ әрі берекелі қоғамның тірегі саналатын заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы рөлі нығая түсті. Азаматтардың негізгі заңымызды құрметтеп, оның талаптарын бұлжытпай орындауы – нағыз отаншылдықтың және жоғары жауапкершіліктің айқын көрінісі. Біз Конституцияда бекітілген қастерлі құндылықтарға сүйене отырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды бірге құратынымызға кәміл сенемін, – делінген құттықтауда.Президент сөз соңында әр шаңыраққа бақ-береке мен табыс тіледі.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады