"Қабылдауға дайын емес": Жұлдыз Әбдікәрімова отбасы туралы айтты

04.09.2024
12:54
0
685
Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде тұңғышы Сезімге жазба арнап, жан сырын ақтарды. Өнер иесі Білім күнінде 11-сынып оқитын қызын көріп, көзіне жас алғанын жасырмады.
Жұлдыз Әбдікәрімова әсерлі жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған.
"Мидағы сан түрлі ойды арқалап, мектепке қарай қадамымды алшаң басып келемін. Әдеттегідей, қазір 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Сосын ұстаздарды құттықтап, сынып сағатына қатысамыз да қайтамыз деген ойдан басқа баста дым жоқ. Күн суық, бұлт төнеріп тұр. Кенет, қолына 1-сынып деген тақтайшаны ұстап тұрған Сезімді көрдім. Басына екі ақ бантик таққан, ортаңғы тістері түсіп қалған кіп-кішкентай бүлдіршін алыстан маған қол бұлғап тұр. Көзім неге бұлдырайды? Сезім неге 1-сыныпта? Бұл қай жыл? 2024, екі мың жиырма төртінші жыл деп, бірнеше рет қайталадым. Иә, бүгін 2024 жылдың 1 қыркүйегі. Демек, Сезім бірінші емес, 11-сынып оқушысы. Тақтайшадағы жазуды енді анық көрдім. Маған қарап, күлімдеп тұрған бойжеткен қыз - менің Сезімім. Уақыт қалай тез зымыраған? 1-сыныптан кейінгі он жыл қалай тез зырғып өткен?... Менің санам сені 11-сынып оқушысы ретінде қабылдауға дайын емес екен. Көзден жас бұрқ етті", - деп бастады актриса.
Өнер иесі тұңғышына деген махаббатын жеткізіп, оған аналық қолдауын білдірді.
"Сезімім, қандай сұлу, қандай әдемі бойжеткен болғансың? Нәзік жымиғаның, аз ғана әрлеп қойған опа-далабың бәрі-бәрі әдемі. Қызым, мен сені Жаратқанның разылығы үшін, жандүниеммен жақсы көремін! Жолың ақ, өмірің мәнді, өрең биік болсын деп, қайталай бердім. Тамағыма келіп тығылған өксік не ары, не бері кетер емес. Осы күнге дейін санам, деңгейім, күшім, қауқарым жеткенше өзіңе жол-жөн көрсетуге тырысып келемін. Үнемі қолдауға, қорғауға бармын", - деп жазды Қайрат Нұртастың келіншегі.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

16.09.2025
17:23
«Саған ешкім ештеңе айта алмайды»: Назым Қызайб...

16.09.2025
17:00
Алматыда ер адам автобусты бөгеп, жүргізушіге с...

16.09.2025
16:16
«Суға батырып, аяғын сүйгізген»: Әкімдік қызмет...

16.09.2025
16:12
Талғарда Шерзаттың атына көше берілуі мүмкін

16.09.2025
16:01
Астанадағы Backstreet Boys –тың концертіне 45 е...

16.09.2025
15:33
Банктер қазақстандықтардың шоттары жайлы мәліме...