«Қайрат ренжіп, бармай қойды»: әншінің ата-анасы Қытайда ән шырқап жүр

10.09.2024
10:08
0
1213
Продюсер Гүлзира Айдарбекова Қытай елінің тойын көрсетіп, 18 жыл бұрынғы оқиғаны есіне алды.
Бұл ретте ол көрші елде күйеуі Нұртас Айдарбековпен бірге өнер көрсетіп жүр.
Қытай еліндегі қандастардың тойындамыз. Қайраттың 18 жасынан бастап, Қытай елінің Тарбағатай, Алтай, Үрімші... жалпы 17 қаласына 13 жыл қатар концерт берген кездері еске түсті. Продюсер болғандықтан жауапкершілікті мойныма алып, өзім жүретінмін. Сахнаға шығарып, арасында үстіме шапан жауып, малын сойып, қонақ ететін. Халық Қайратты қатты сағынғандарын, күтумен жүргендерін жеткізіп әлек. Оған қоса, өзімді де әбден сағынғандарын сезіндім. Көз көрген деген осы шығар, ұзақ уақыт күткендей қарсы алды. Қаны қазақ, тілі қазақ қандастарға алғысым шексіз, – деп жазды продюсер.Сондай-ақ анасы Қайрат Нұртастың не үшін Қытайға ат ізін салмай жүргенін айтып берді.
Қайраттың ренжіп кетіп, қайта бармай қойғанын бәрі естіп алыпты. Оған енді бәрі кінәлі емес. Бір құмалақтың бір қарын майды қай жерде де шірітетіні анық. Сондай адамға тап болғаны болмаса, сол жағдайды әнмен жеткізіп жатыр. Не де болса, Қайратты қатты күтіп жүргендері анық, – деді Гүлзира Үсенқызы.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

17.09.2025
23:30
Алматыда бойжеткен кір аяғын даяшыға сүрткізді

17.09.2025
21:50
Әнші Kalifarniya концерт өткіземін деп масқара ...

17.09.2025
20:30
Димаштың анасы ұлының неге үйленбей жүргенін айтты

17.09.2025
20:00
Гүлзира Айдарбекова пластикалық ота жасатқан ба?

17.09.2025
18:35
Басын бөлек, денесін бөлек жерледік – танымал б...

17.09.2025
18:02
«Кемсіте беріңіз»: Спорт журналисі жазушы Қанат...