"Қолымнан сүйреп, құлатып тастады". Шерзаттың әжесі жанайқайын жеткізді
2412
Талғарда бір топ адамның қолынан қаза тапқан Шерзаттың әжесінің видеоүндеуін блогер Жан Ахмадиев желідегі парақшаларында жарияланды.
Жұмабике Нұрымованың сөзінше, балаларын тепкілеп жатқан жігіттерге қанша жалынса да олар ұрып-соғуды тоқтатпаған. Бұл туралы ulysmedia.kz сайты мәлімдеді.
Ол кішкентай нәресте ғой. Ол балапан ғой деп алдарынан шыққанымда мені қолымнан сүйреп, құлатып тастады. Олар ішіп алған. Мен құлап жатырмын. Телефоным арғы жаққа ұшып кетті. Орнымнан тұрайын десем екі бордюрдің ортасында қалып қойыппын, -дейді Шерзаттың әжесі.Есеңгіреген күйі еңбектеп барып, телефонын алайын деп жатқан кезде келінінің құлындаған даусын естіген.
"Көмектесіңдер, скорый, скорый” деп жатқанда артыма қарасам екі балам жерде құлап жатыр екен. Екеуі де өлді деген ой бірден келді. Мен сол жерде не болып кеткенін түсінбей кеттім. Не істеу керек екенін сол кезде түсіне алмадым. Себебі шок жағдайына түсіп кеттім, - дейді жүрегі қан жылаған ана.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...
03.10.2026
12:20
Алматыда 270 ерекше бала оқитын мектеп жабыла м...
03.10.2026
11:18
Ақтауда бала өлімінен кейін балалар хирургі ұст...
03.10.2026
10:10
Атырауда көлік иелерін 1,1 млрд теңгеден астам ...
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...