"Қорқатын болдық": Заттыбек Көпбосынұлы Мөлдір Әуелбековамен амандаспады
1181
Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде Заттыбек Көпбосынұлымен түскен видеосын жариялап, елді күлдірді. Бейнежазбада өнер иесінің әріптесі онымен қалай амандасатынын білмей қалған.
Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында бөліскен видеода Заттыбек Көпбосынұлы оған қолын тигізбей, алыстан амандасқанын көруге болады.
Өнер иесі бұл жайтқа таңғалғанын жасырмады. Сөзінше, Заттыбек Көпбосынұлы бұған дейін жариялағанған видеоны көріп, оның астындағы халықтың пікірінен қорқып қалған.
"Өткендегі Сәкеннен кейін қорқатын болдық қой?!" дейді, Заттыбек ағам. Пікір оқыған ғой, сонша қорқытқандарыңыз не?! "Ассалаумалейкум" дей салу күшті емес пе? Әлде, еркек пен әйел сүйіскен дұрысырақ па? Қол ұстасып, құшақтаған ба? Қалай өзі? Мәселені шешіп алайық", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Заттыбек Көпбосынұлының амандасқанын қызу талқылап, оның ақкөңілділігіне тәнті болған.
"Заттыбек ағамыз ақкөңіл ғой. Қорқып амандасып тұрғаны күлкілі екен", "Заттыбек аға, қатырды. Күлкім келген-ай", "Тоқтамай күлдім. Аға сескеніп тұр ғой кәдімгідей", - деп жазуда оқырмандар.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады