"Сатқындық пен тексіздікті көрдім": Нұржан Қалжан өнердегі достарымен неге араласпай кеткенін айтты

13.06.2024
23:51
0
412
Қазақстандық танымал әнші Нұржан Қалжан өнерден алыстап кеткен кезде бірқатар досынан айырылып қалғанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, кезінде қасынан шықпайтын достары оған сатқындық жасаған, деп хабарлайды politico.kz.
Нұржан Қалжан достықтан көңілі қалғанын айтып, басынан өткен жағдайды "Assyltas TV" Youtube арнасына берген сұқбатында баяндады. Өнер иесі жұлдыз болып, кейін өзін менсінбей кеткен досы туралы айтып берді. "Мына дүниеде басыңа күн шығып тұрса, қасыңда адам көп болады екен. Сенің сөзің дұрыс болмаса да дұрыс дейтіндер көп болады екен. Сенің ақшаң бар, көлігің бар. Ондай адамдар дұрыс емес жерде де сенің сөзіңді сөйлеп, өзіңе қорғаушы болып кетеді. Мен он жылдай өнерден алшақтап, хит әнім шықпай қалған еді. Бұрынғы Нұржан болмай қалдым ғой. Сол кезде адамдар, қасыңда жүрген достар сенікі дұрыс болып тұрса да, қазір хит болып жүрген жас баланы жақтап кеткен жағдайлар да болды. Сондай сатқындық пен тексіздікті көрдім. Төбеде болғанда басқа дүниені көрдім. Астыға түскенде мүлдем басқаша болды. "Достың досқа жасаған дұғасы қабыл болады" дейді. Мен өмірімде бір ғана досыма дұға жасадым. Сол дұғам қабыл болды. Бұл жігіт көтере алады деп ойладым. Бірақ құдайдың алдында мен ұятты болдым. Ол жігіт көтере алмады. Мені менсінбей, адам екен демей кетті", - деді Нұржан Қалжан.Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

17.09.2025
23:30
Алматыда бойжеткен кір аяғын даяшыға сүрткізді

17.09.2025
21:50
Әнші Kalifarniya концерт өткіземін деп масқара ...

17.09.2025
20:30
Димаштың анасы ұлының неге үйленбей жүргенін айтты

17.09.2025
20:00
Гүлзира Айдарбекова пластикалық ота жасатқан ба?

17.09.2025
18:35
Басын бөлек, денесін бөлек жерледік – танымал б...

17.09.2025
18:02
«Кемсіте беріңіз»: Спорт журналисі жазушы Қанат...