ШЫҰ саммиті: Терроризм, экстремизм, сепаратизммен бірлесе күрескен жөн
236
Астанада Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр,-деп хабарлайды politico.kz
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, оның ішінде «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы», «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамасы қабылданады. ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі де талқыланады. Сондықтан әлемде тұрақтылықты сақтау үшін қауіпсіздікке айрықша мән беру маңызды.
Қазақстан қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Олжас Бейсенбаевтың пікірінше, қазіргі кезде терроризм, экстремизм, сепаратизм әлем халқын алаңдатып отыр.
«ШЫҰ бастапқыда үш қауіппен қарсы күресеміз деп айтылды. Олар – терроризм, экстремизм, сепаратизм. Қазіргі кезде трансұлттық деңгейдегі қауіп-қатерлер мен сын-тәуекелдер көбейіп келе жатыр. Оның ішінде киберқылмыс бар. Оның ішінде ұйымдасқан халықаралық мына қылмыстық топтарға қарсы күрес бар. Есірткі тасымалы бар. Олар, яғни қандай да бір шекараға қарамайды. Екінші бір елге өтіп кету қатері өте үлкен», – деді Олжас Бейсенбаев.
Соңғы жаңалықтар
07.04.2026
20:38
Алматыдағы ЖЭО құрылысы баяулаған: Бектенов ныс...
07.04.2026
18:18
Ресейге қашып кеткен басшылардың Өскемендегі за...
07.04.2026
17:42
Түрмеде отырған Бишімбаев үшінші рет үйленіп ал...
07.04.2026
17:12
Гүлнар Сиқымбаеваның ұлының өлімі: полиция мән-...
07.04.2026
17:12
«Жалаңаш суреттерін шетелге жіберген»: Қазақста...
07.04.2026
16:40
Иранның жоғарғы көшбасшысы ес-түссіз жатыр — БАҚ