Су тасқыны қаупін экономикалық тұрғыдан бағалап, картаға түсіру қажет – маман
522
География және су қауіпсіздігі институты АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеу өңірлерді топан су басу жағдайына қатысты пікір білдірді.
Маманның айтуынша, су тасқынының алдын алу іс-шаралар кешеніне ұйымдастыру-шаруашылық, мелиоративтік, инженерлік-техникалық жұмыстар кіреді.«Бізге бірқатар ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Біріншіден, су тасқыны қаупін бағалау, оған қатысты деректерді ретроспективті талдау және су тасқынының себеп-салдары мен алдын алу шараларын нақтылау қажет. Сондай-ақ, тасқын кезіндегі су режимінің сипаттамаларын анықтап, статистикалық талдау жасаған жөн. Екіншіден, су тасқынының теріс әсері яғни қаупін саралау жұмыстары. Біз су тасқыны қандай жағдайда болатынын білеміз, енді су тасқынына бейім реципиенттерді анықтау қажет», - деді Ахметқал Медеу ОКҚ-де өткен брифингіде.
«Бұл жағдайда халық пен инфрақұрылым туралы айту керек. Тәуекелдердің деңгейін жоғары, орташа, төмен деп бөліп, тиісті жұмыстарды қолданған абзал. Су тасқыны қаупін экономикалық бағалау және оларды картаға түсіру қажет. Жоғарыда аталған шаралар мен ғылыми зерттеулер алапат су тасқынының алдын алу мен оның қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл шараларды су тасқынына дейін және кейін де қолдануға болады», - дейді ғалым.
Соңғы жаңалықтар
16.06.2026
17:19
Путинді мысқылдаған ресейлік суретшіні Польшада...
16.06.2026
17:17
«Ауыл бізден кеткен емес»: Ләйлә Сұлтанқызы бал...
16.06.2026
16:22
Павлодарда пауэрбанк жарылып, блогер қыз ауыр к...
16.06.2026
16:09
Шымкентте Еңбек министрлігі департаментінің бас...
16.06.2026
15:28
Батыс Қазақстанда 7 бас дәрігер пара алды деген...
16.06.2026
15:25
Айтыскер ақын жолдасымен бірге жол апатынан көз...