Су тасқынынан зардап шеккендерге тағы да қосымша өтемақы төленеді
635
Үкімет басшысы Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында су тасқыны қаупі саябырсығанын жеткізді. Ал өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады дейді.
Олжас Бектенов залалды өтеу жұмыстары басталып кеткенін айтты.
“Қазір 11 мыңға жуық отбасы (100 АЕК) 370 мыңға жуық төлем алды. Қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін (553 800 тг) төлейміз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезекте қажет заттарды сатып ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі”, – деді Бектенов.
Ол азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ешкім көмексіз қалмайтынын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
23:14
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен...
23.09.2026
22:11
Ақтөбедегі балалар үйінде жанжал шықты: Белсенд...
23.09.2026
21:09
БҰҰ-дағы күтпеген мәлімдеме: 50 ел Ресейге соғы...
23.09.2026
20:14
«Багажымда бомба бар»: Шымкент әуежайында мас ж...
23.09.2026
19:40
Маңғыстауда балықтан уланған төрт адамның жағда...
23.09.2026
19:05
Тоқаев Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары...