"Тосынсый жасадық": Ерке Есмахан бала күтушісіне бағалы сыйлық тарту етті
867
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан бүгінде өзіне көмектесіп жатқан бала күтушісіне ерекше тосынсый жасаған.
Өнер иесі ұялы телефоны бұзылып қалған бала күтушісіне күйеуі Райммен бірге жаңа Iphone алып берген. Жұлдызды жұп баласына қарасатын кісіге соңғы үлгідегі Iphone 15 Pro тарту етті. Бұл жаңалықты әнші арудың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. "Бала күтушіміздің телефоны бұзылып қалыпты. Тосынсый жасадық", - деп жазды эстрада жұлдызы. Сонымен қатар шоу-бизнес өкілі бала күтушісінің жаңа телефонын қораптан алып шыққан сәтін де көрсетті. "Құтты болсын! Игілігіңізге ұстаңыз" , - деген жазба қалдырды Ерке.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
18:43
Атырауда бутик ашылуындағы абыр-сабыр: Жалға ал...
05.10.2026
18:01
Каспийдегі қасіреттен кейінгі тексеріс: 13 қылм...
05.10.2026
17:35
Шикізат өзіміздікі, өңдеу өзгеде: Қазақстан мыс...
05.10.2026
17:19
Жезқазғанда «Қазақмыс» қаржыландырған жаңа облы...
05.10.2026
17:06
Алматы облысында екі баланы қағып кеткен жүргіз...
05.10.2026
17:04
Экс-әкім Досаевтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды