Атырауда бутик ашылуындағы абыр-сабыр: Жалға алушы билікке ескертпегені үшін жазаланды

05.10.2026 • 18:43 Қанат АЙБАР
Атырауда бутик ашылуындағы абыр-сабыр: Жалға алушы билікке ескертпегені үшін жазаланды
211
Фото: Видеодан кадр

Атырау қалалық полициясы «Алмагүл» шағын ауданында орналасқан «Айша» сауда орталығындағы бутиктің ашылуы кезінде орын алған кептеліс бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бутикті жалға алушы адамдардың көп жиналатыны туралы тиісті мемлекеттік органдарды алдын ала хабарландармаған.

Нәтижесінде 1995 жылы туған жалға алушы ойын-сауық және мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған заңбұзушылық үшін қолданыстағы заңнамада мынадай айыппұлдар қарастырылған:

  1. Жеке тұлғаларға: 20 АЕК (86 500 теңге);

  2. Заңды тұлғаларға: 50 АЕК (216 250 теңге).

Жаңа дүкен тұтынушыларды арзан бағадағы футболкалармен баурап алған. Ішке кіргісі келген халықтың қарасы тым көп болып, ғимараттың кіреберісінде қарбалас пен дүрбелең туындаған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда абыр-сабырдың тіпті тегін дәм ұсынылған үстелдің жанында да орын алғаны көрінеді. Оқиға салдарынан ауыр зардап шеккендер жоқ, дегенмен бірнеше адамның жеңіл дене жарақатын алғаны белгілі болды.

Войдите, чтобы оставить комментарий