Түркістан облысында жол апатынан қаза болған жігіттің ағзаларын төрт науқасқа бөліп берді
Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота жасалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері жол апатынан кейін мед мекемеге ауыр халде жеткізіліп, қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасын төрт науқасқа хирургиялық жолмен бөліп берді.
Ақхалаттылардың айтуынша, ағзаны алуға арнайы жасақталған екі бригада Алматы мен Астана қаласынан ұшып келген. Мәйіттен алынған бауыр, екі бүйрек пен жүрек, өкпе тізім бойынша трансплантация отасы қажет науқастарға хиругиялық жолмен салынады. Айта кетейік, мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсат берген.
«Түркістан облысы бойынша мәйіттен ағза алу отасы тарихта алғаш рет өтуде. Бір бүйрек облыстық клинкиалық аруханада қалады. Жүрегі Шымкенттегі жүрек орталығына жіберіледі. Бауыры Алматыға, өкпесі мен бір бүйрегі Астана қаласына жіберіледі», – деді Республикалық транспланттау орталығының Түркістан облысы бойынша өңірлік үйлестірушісі Әмірхан Сандыбаев.
Фото: freepik.com