«Үлкен сахнаның бір бұрышын қимайды»: Мөлдір Әуелбекова орамалы кедергі болып жүргенін айтты
441
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова сахнадан кеткісі келетінін жасырмады.
Өнер иесі кейінгі кезде орамал тағып, намазға жығылған еді.
“Мені орамалым үшін телевизиялық жобаларға және көптеген концерттерге қатыстырмайды. Енді, ойланып жүрмін, үлкен сахнаның бір бұрышын маған қимай жүргендерге, өзім-ақ сол сахнаны босатып бере саламын-ау… Мен қатысып жүрген бір ғана жоба бар, ол – Cover show! Себебі Мейрамбек Бесбаев ағам шын таланттарды ештеңеге қарамастан қолдайды. Рақмет, жан ағам, ән ағам”, – деп жазды әнші.
Тыңдарман қауымның пікірі екіге жарылды. Бірі өнер иесін орамалы үшін сөксе, енді бірі әншілікті тастамауын өтінді.
“Орамал жараспайды, әніңді айтып жүре бер”, “Даусыңыз керемет еді, өнерді тастамаңыз”, “Сәкеннің әйелі сияқты орамал тағу керек, сендердікі – арабтану”, “Демократия жоқ. Заң жүзінде құқығымыз қорғалмаған”, “Сахнаның тәртібіне бағыну керек”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Соңғы жаңалықтар
20.03.2026
23:39
Асқар Жұмабек Айнұр Нарзиевамен болған жанжалға...
20.03.2026
22:55
Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде өткен Grand Slam т...
20.03.2026
21:52
Әйелін іздеген ер адам Ақтауда дүкенді тас-талқ...
20.03.2026
20:54
Алматыда әйелдің денесінен 25 келілік қатерлі і...
20.03.2026
20:03
Аты аңызға айналған Чак Норрис қайтыс болды
20.03.2026
19:18
«Атыраулық хакер» туралы жаңа деректер шықты