Зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петиция пайда болды
693
Мемлекеттік ePetition.kz сайтында елдегі зейнеткерлік жасын төмендетуге арналған өтініш пайда болды, деп хабарлайды politico.kz.
Өтініштің авторы зейнеткерлік жасты әйелдер үшін 55 жасқа, ал ерлер үшін 58 жасқа дейін төмендетуді талап етті. Өтініш иесі көршілес мемлекеттердегі – Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдегі зейнетке шығу жасын негізге алғанын айтады.«Бірдей климаттық жағдайларда, бірдей өмір сүру ұзақтығында, Қазақстандағы ер адамдардың зейнетке шығу жасы 63 жас, ал әйелдер де 2028 жылдан кейін 61 жасқа дейін шығатын болады. Бұл қорлық деп санаймыз», - делінген петиция мәтінінде.Өтініш иесі 50 жастан кейін қазақстандықтардың денсаулығы нашарлайтынын, бірақ олар бұл жасқа келгеннен кейін де жұмыс істеуге мәжбүр екенін, соның салдарынан кейбір қарт адамдардың мүгедек болып қалатынын айтады. Сонымен қатар, петиция авторының пікірінше, көптеген жас қазақстандықтар жұмыссыздар ретінде еңбек биржасында тіркелген. Петицияда 55 жастан асқан адамдарды жұмыс істеу қажеттілігінен арылтып, жастарға жұмыс орындарын беру ұсынылады.
«Зейнеткерлік жасты төмендету жұмыссыздар мен мүгедектердің санын айтарлықтай қысқартады. Жастар жұмыспен қамтылып, мүгедектер зейнетке шығады», - деп санайды петиция авторы.Қазіргі кезде петицияға 324 адам қол қойған. Айта кетейік, өтініш қаралу үшін ол 50 мың қол жинауы тиіс. Фото: pixabay.com
Соңғы жаңалықтар
20.03.2026
14:05
Польшада өлтірілген қазақстандық әйелдің әпкес...
20.03.2026
13:26
Сәкен Майғазиевтің әйелі тоқал алуға қатысты ой...
20.03.2026
12:36
Қала басшысы халық алдында сөйлеп тұрған кезде ...
20.03.2026
11:53
$75 мың пара: Еңбек министрлігінің экс-басшылар...
20.03.2026
11:29
Ақтөбе облысында болған төбелестен жасөспірім к...
20.03.2026
11:04
Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжановқа күрделі ота ж...