«Жағаласып, ұлының артынан қалмайды»: Елдос Сметов анасын сынағандарға жауап берді
0
3839
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов анасына байланысты өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды politico.kz.
Дзюдошы бұл жөнінде Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметіне берген сұхбатында айтты.
«Әлеуметтік желіні қарамайын десем де, қарап қоямын. Қазір Олимпиада чемпионы болдым, енді осыдан кейін ешнәрсе жазбайтын шығар деп ойлап едім. Бірақ тоқтайтын емес, әлі де жазып жатыр. Менің жүріс-тұрысым, келіншегім алда келе жатыр ма, артта келе жатыр ма, жанында анасы келе жатыр ма, әлде басқасы. Енді мен қалай шығайын, не қалай шықпайын, ол менің қуанышым!» – дейді ол.
Айта кетейік, қазақстандықтар Елдос Сметов елге келгеннен бері оның жанынан әйелі емес, анасының қолтықтап жүргенін сынға алған.
«Келініне орын бермей ме, өзі қолтықтап жүр баласын». «Анасы әкесімен артта тұрып, ұлының қасына әйелін жіберуі керек еді». «Жағаласып, ұлының артынан қалмайды екен». «Осы кісінің туғаны белгілі ғой, бірақ жұрттың алдында осылай жағаласып жүргені ұят». «Осындай енеге шыдап жүрген келінге халықтың атынан алтын медаль тағайық». «Тіпті, Димаштың анасы жанында жүрмейді», - деп желі қолданушылары сынға алды.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
07.01.2026
18:13
“Бұл қашан тоқтайды?: Әлішер Кәрімов халыққа ашулы
07.01.2026
18:10
Атырауда екі полицей пара алды деген күдікпен қ...
07.01.2026
17:18
Атырауда жоғалған отбасы: Мейрамгүлді сіңілісі ...
07.01.2026
17:13
АТАДАН ЖАЛҒЫЗ ҒАНА ТҮЙІР ЕДІҢ
07.01.2026
16:55
Төреғали Төреәлінің қарындасы үшінші рет ана ат...
07.01.2026
16:45
«Екі елдің игілігіне жұмсалуын қадағалаймын»: Т...