750 мың адамның мәртебесін анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр – Тамара Дүйсенова
247
750 мың адамның мәртебесін анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты,-деп хабарлайды politico.kz
Үкімет басшысының орынбасары барлық өңірде құрылған штаб 3 млн адамның мәртебесін анықтайтындығын айтты.«Бүгінгі таңда 3 млн-нан астам азамат міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандырылмаған. Осыған қатысты Үкіметте штаб құрылғанын білеміз. Өзіңіз сол штабты басқарасыз. Осы проблеманы шешу мәселесін қалай қарастырып жатырсыздар?», - деп сұраған еді Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова вице-премьерден.
«Егер олар әлеуметтік әлжуаз азаматтардың қатарына қосылса, онда оларға мемлекет тарапынан қажетті жарналар төленуі керек. Ал егер өздері жұмыс істейтін азаматтар болса, онда олар жарналарын өздері төлеуі тиіс» деген мәселені қарастырып жатырмыз. Бүгінгі таңда 130 мың адамның мәртебесі анықталды. Қазір 750 мың адамның мәртебесін анықтау жұмысы жүргізілуде. Жыл соңында осы мәселеге орай өздеріңізге қажетті ақпарат береміз», - деді Тамара Дүйсенова.
Соңғы жаңалықтар
25.06.2026
15:19
Тоқаев «жеңіл ақша» мен сән-салтанатты өмірді д...
25.06.2026
14:53
Freedom Bank белгілі журналистің қосымшасын себ...
25.06.2026
14:03
Қарағандыда келіншектің жұмбақ өлімі: күйеуі әй...
25.06.2026
13:54
Рөлде мас полицей болды: Жол апатында жақындары...
25.06.2026
13:16
Сәбиін құшақтаған курьер әйел көшіп кетті
25.06.2026
13:05
Ербаян Мұхтардың өлімінен кейін тергеу басталды