Айбек Дәдебай өңір активіне жаңа әкімді таныстырып, Нұрдәулет Қилыбай осы аймақтың тумасы және облыста түрлі басшылық қызметтерді атқарған тәжірибелі маман екенін атап өтті

18.05.2024
11:08
0
269
Айбек Дәдебай өңір активіне жаңа әкімді таныстырып, Нұрдәулет Қилыбай осы аймақтың тумасы және облыста түрлі басшылық қызметтерді атқарған тәжірибелі маман екенін атап өтті
Сонымен қатар Президент жүктеген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау қажет екеніне назар аударды.
– Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өңірге 3,6 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Бұл – жаңа жұмыс орындары мен экономикалық өсім. Алдағы уақытта аталған көрсеткішті еселей түсуіміз керек. Бүгінде облыста Президенттің тапсырмасына сай ондаған жаңа әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 мың оқушыға арналған 21 мектептің құрылысы басталып кетті. Бұл – халық саны жағынан өсімі жақсы Маңғыстау облысы үшін аса қажетті шаралар. Өңір басшылығына Президент тарапынан маңызды міндеттер жүктеліп отыр, – деді Президент Әкімшілігінің Басшысы.
Айбек Дәдебайдың айтуынша, Маңғыстау облысының әкімдігіне инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, көлік-логистика және туристік әлеуетті барынша дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту, экологиялық мәселелерді шешу, құрылыс саласын ретке келтіру міндеттері жүктеледі.
Кездесу соңында Айбек Дәдебай Нұрдәулет Қилыбайға облыс тұрғындарының игілігі үшін Президент жүктеген барлық міндетті орындау жолында табыс тілеп, аймақтың бұрынғы басшысы Нұрлан Ноғаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтты
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

16.09.2025
10:05
Алматы облысында ауыл әкімі мінген көлік апатқа...

16.09.2025
10:01
"Орнымнан тұра алмай қалдым": Баян Алагөзова де...

16.09.2025
09:41
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағына тіс емдету...

16.09.2025
09:22
Баласы "ұрып" өлтірген зейнеткердің ісіне қатыс...

16.09.2025
09:17
Түркістан облысында ер адам әйелін өлтіріп, кей...

15.09.2025
23:17
Ерке Есмахан Италияда жүрсе де ауылынын ұмытпай...