АЙТ КҮНІ АЙТАРЫМ
Айт туралы бір әзіл пост салдым ғой. Әзіл-әзілімен, енді шын ниетімді айтсам…
Бүгінгі қасиетті күнде бәріміздің тілегіміз біреу – елдің амандығы болса керек! Иә, айтып келмейтін апатқа тап болдық. Ғасырда бір болатын табиғи цикл, төтенше апат. Бұл бізді ғана емес, көрші елді де айналып өтпеді, тоғаны жарылып, қаласы су кетті. Ютубтан көріп отырмыз. Оның астарынан қасақана қастандық іздеу де дұрыс емес шығар. Есі дұрыс ел ондайға бармайды!
Мұндайда не маңызды? Төтенше жағдай кезінде ең бастысы жалған ақпарат таратпау, паникаға жол бермеу. Бірінші күннен соны жеткізуге тырыстым. Өйткені, «тәжірибем» бар еді. Аманқарағайдағы өрт кезінде ватсабыма кеп түскен «адамдар тірідей өртеніп жатыр екен» деген «ақпарды» сол қалпы тексермей айта салып, қасымда тұрған
халық ақыны Әсия апайымды инфарт қыла жаздағам. Кейін оның бәрі жалған боп шықты. Асия Беркенова апайдан кешірім сұрадым.
Сондықтан Төтенше жағдай кезінде халыққа нақты ақпаратты ескерту, шұғыл хабарды аймақтардағы штабқа дер уақытында жеткізу, әлеуметтік желіге салып, құзырлы мекеме, жеке адамдарды тегтеуден әлдеқайда маңызды!
Бір мысал:
Торғайда ең бірінші суға кеткен Көлқамыс елдімекені. Мен сол ауылдың чатында отырамын. Тұрғындар қиындыққа қайсарлықпен төтеп берді. Тиісті орындарға нақты ақпарат берудің арқасында адамдар аман құтқарылды. Сыртта жүрген ауылдастар ың-шыңсыз ақша қосып, кімге қандай көмек керектігі ескеріліп, қажетті заттар уақытында жеткізілді. Қазіргі таңда ауылдастарым қайта оралып. ел қуанып жатыр. Ортак чаттан
көңілді леп еседі. Кемді-күнгі қиындық көрген түстей өте шықты. Егерде «аттанға қиқу қосып, ойбай қырылдық, өлдік, өйттік, бүйттік» деп желіні шулатқанда не өнер еді?
Апат әлі толық қайтты деп айта алмаймыз. Су қайтқанмен, алда оның зардабымен күрес тұр. Мемлекет басшысы ешкім де ескерусіз, көмексіз қалмайтынын айтты. Мұндайда қиналған елге қаржы қосу, көмек ұсыну қанымызда бар қасиет. Біреуге бұлдау, көрсету, ұпай жинау үшін емес, адамшылық парызымыз, сауап. Бірлік деген Абай айтпақшы, «асқа бірлік, атқа бірлік» емес, ортақ мүддеге бірлік болса керек. Тап қазіргі біздің ортақ мүддеміз – ел болып күш біріктіріп, апаттың зардабын жою, сынақтан сүрінбей өту!
Айтқандай, желіде «анау кінәлі, мынау кінәлі» деп өкпесін айтып жатқан көптеген аға- апаларыма қатты айтқан болсам, айт күні баршаңыздан кешірім сұраймын! Өйткені, салғыласып жататын кез емес қой.

«Бейбіт күннің бәрі той», еліміз қатерден аман өтсе, «айтысуға» уақыт табылар! Айт құтты болсын, айтпағым осы еді!