Қазақстанда мұрагерлік құқығы қайта қаралуы мүмкін
Қазақстанның жаңа Азаматтық кодексінде мұрагерлік құқық нормаларын жетілдіру жоспарлануда, деп хабарлайды Politico.kz.
Министрдің айтуынша, қолданыстағы заңнамада мұраның мемлекет меншігіне өтуіне қатысты тетіктер толық қамтылмаған. Бұл жайлы ол Құрылтайда жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысынан кейін түсіндірді:
— Бұл бөлімде де сұрақтар бар. Конституция деңгейінде біз меншік құқығы мен мұрагерлік құқығын бекіттік. Бірақ Азаматтық кодекстің қолданыстағы редакциясында, әсіресе мұрагерлік мемлекет пайдасына өткенде немесе мемлекет осы мәселелерге қатысқанда, олар толық көлемде көрсетілмеген. Шартты түрде айтқанда, адам өмірден өтті, оның мұрагерлері жоқ, ал осы мұраның жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өту кезіндегі одан әрі құқықтық қатынастар белгілі бір түзетуді қажет етеді. Біз бұл туралы да айтып жатырмыз, — деді министр.
Бұған дейін жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу барысында қаралатын басқа да бағыттар хабарланған болатын:
- Шарт жасасу тәсілдерін қайта қарау және тұтынушыларды әділетсіз шарттардан қорғауды күшейту.
- Реформаның жеке бір бөлігі ар-намысты, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректерді қорғауға арналады.
Соңғы жаңалықтар