Алматылық дәрігерлер салмағы 990 грамм болып туған сәбиді аман алып қалды
Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығының дәрігерлері жүктіліктің 31-аптасында шала туған қыз баланың өмірін сақтап қалды. Оның туған кездегі салмағы небәрі 990 грамм болған, деп хабарлайды Politico.kz.
Анасы ауруханаға жүктіліктің қауіпті асқынуымен шұғыл түрде жеткізілген. Ана мен баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер жедел түрде кесар тілігі отасын жасау туралы шешім қабылдады.
Сәби дүниеге келгеннен кейін дәрігерлердің жіті бақылауында ұзақ уақыт ем қабылдады:
-
Нәресте 75 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты.
-
Оның 56 тәулігін өкпені жасанды желдету аппаратында өткізіп, тағы 15 күн қосымша тыныс алу аппаратының көмегімен демалды.
Өмірінің 101-күнінде қыз баланың салмағы 2 523 грамға жетті. Қазіргі уақытта анасы мен сәбидің жағдайы тұрақты, олар үйлеріне шығуға дайындалуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.11.2026
18:38
Алматылық дәрігерлер салмағы 990 грамм болып ту...
24.11.2026
17:35
Тоқаев әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия...
24.11.2026
17:24
Қостанайда жұмысшыны топырақ басып, көз жұмды
24.11.2026
17:02
"Мәселе бойда емес": Мәдина Сәдуақасова модель ...
24.11.2026
16:20
«Мен ондай кісіні танымаймын»: Мөлдір Мұқанова ...
24.11.2026
15:26
Ақтөбеде полицияның атын жамылып, қызды бопсала...